20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПавлодар облысында темекі тұқылын далаға тастаған ер адамға қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Қайрат Шаймарденов айтты, деп хабарлады El.kz ақпараттық агенттігі.
13 сәуірде «Ертіс орманы» резерватындағы Бәйімбет орман шаруалығы өртеніп, кейін қызыл жалын Ресей аумағына тараған. Өрттің ауданы – шамамен 200 гектар.
Біз кінәлі адамды анықтадық. Оны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін полицияға материал жіберілді. Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады, - деді Қайрат Шаймарденов.
Оның айтуынша, өрт шыққанда Аққулы ауданының ТЖБ қызметкерлері оқиға орнына шұғыл жеткен. Осылайша, олар өрттің ошағын анықтап, кінәлі адамды тапты.
Күдікті сол жерге темекі тұқылын тастаған. Содан кейін өрт шыққан. Мұны куәгерлер де растады. Қызметкерлер күдіктіні анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Оқиға орнында өрттің темекі тұқылынан болғаны анық көрінеді, - деді басшы.
Еске сала кетсек, өртті сөндіруге орман шаруашылығынан 92 адам, 24 техника және Павлодар облысы ТЖД-дан 25 қызметкер және 6 техника жұмылдырылған еді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?