Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыОзық үлгіде қайта жабдықталған футбол алаңының салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов нысанның тұсауын кесіп, спортшыларға ізгі тілектерін жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шымкент қалалық әкімдігінің мәліметінше, игілікті іс федерация мен «Ордабасы» футбол клубы арасында нысандарды жаңарту мақсатында қолға алынған «Алаң» жобасы аясында қолға алынған. Бір айда атқарылған құрылыс барысында футбол алаңына итальяндық үлгідегі газон төселіп, алюминий қақпалар орнатылды.
Қала басшысы мегаполисте бұқаралық спортты қолдау бағытындағы жұмыстардың ауқымды екенін атап өтті.
Қайырымдылық істің бастамашысы болған ҚФФ президентіне өз алғысымды білдіремін. Нысанда жаттығатын жастарымыздың әлемдік деңгейде көрінуіне тілектеспін. Бұқаралық спортты дамытуға жағдай жасауды жалғастырамыз, – деді қала әкімі.
Соңғы үлгіде жабдықталған футбол алаңында 250-ге жуық жасөспірім жаттығады. Ауқымды жоба аясында биыл елімізде 4 футбол алаңын салу жоспарланған.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді