29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстандық боксшы Оразбек Асылқұлов Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған 2025 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында кезекті жекпе-жегін өткізді, деп жазады El.kz интернет порталы.
57 келі салмақ дәрежесінде жартылай финалға жолдама беретін айқаста Асылқұлов Испания боксшысы Карлос Мартинес Бернардомен күш сынасты. Үш раундтық кездесу қазақстандық спортшының толық басымдығымен өтіп, судьялар бірауыздан жеңісті Оразбекке берді. Осылайша ол әлем чемпионатының кем дегенде қола жүлдесін қамтамасыз етті.
Асылқұлов – 2024 жылғы Азия чемпионатының күміс медаль иегері. Бұған дейінгі 1/8 финалда ол Эсватини елінің өкілі Мукело Дламинді жекпе-жектің алғашқы 22 секундында нокаутқа жіберіп, сенсациялық жеңіске жеткен болатын.
IBA әлем чемпионаты 3 желтоқсанда Дубайда басталды. Жалпы жүлде қоры 8,32 миллион долларды құрайтын дүбірлі додаға әлемнің 118 елінен спортшылар қатысуда.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек