Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстан құрамасының мүшесі Оразбек Асылқұлов әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
57 келі салмақта сынға түскен боксшы Дубайда өтіп жатқан ІВА әлем біріншілігінің 1/8 финалында Эсватини спортшысы Мукело Дламиниді нокаутқа түсірді.
Бұған дейін 51 келідегі отандасымыз Даниял Сәбит те турнирдің келесі сатысына өтіп, Кабо-Верде өкілі Леник Фернандесті айқын басымдықпен ұтқан болатын. Сондай-ақ 54 келіде Сәкен Бибосынов танзаниялық Факи Исса Факиді оңай еңсерсе, 63,5 келіде Ертуған Зейнуллинов IBA-PRO лигасынан келген Хосе Мануэль Агуйре Крузды үйіне қайтарды.
Ал 86 келідегі Дәулет Төлемісов өзбекстандық боксшыдан жеңіліп, чемпионаттағы жорығын 1/8 финалда аяқтады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді