Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАзия чемпионатында қазақстандық Оразбек Асылқұлов мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында Азия чемпионатының екінші жарыс күні басталды. Аталған сында 57 келіде сынға түскен Оразбек Асылқұлов алғашқы айқасында Малайзия өкілі Мохамад Зүльхайнды екінші раундта ұтты. Енді жерлесіміз 5 желтоқсанда рингке көтеріледі.
Бұған дейін 67 келіде Дулат Бекбауов жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алған еді. Айта кететін жайт, аталған турнирге қатыспай тұрып еліміздің 5 боксшысы жүлдегер атанды.Олардың барлығы жарысты жартылай финалдан бастайды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді