29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыОралдық полицейлер тұрғынға жылдамдықты асырғаны үшін бес күн ішінде 1 миллион 500 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметінше, 15 қыркүйек күні Suncar Smart Qorgau жүйесінің көмегімен облыс орталығының көшелерінде жол қозғалысы кезінде жылдамдықты бірнеше рет асырған “Ваз 2112” автокөлігі анықталды.
Орал қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері аталған автокөлікті сағат шамамен 10:10 кезінде Орал қаласы Есенжанова көшесінің бойында тоқтатады. Жауап алу кезінде жүргізушінің Орал қаласының 19 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ол бес күн ішінде жылдамдықты 33 рет асырғаны белгілі болды. Жалпы айыппұл сомасы 1 миллион 500 мың теңгені құрайды. Жүргізуші айыппұлды оңайлатылған тәртіпте 50%-ын өтей алады, яғни, ол 500 мың 250 теңгені құрайды.
Қазіргі уақытта автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек