29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҰшқыштар дайындайтын институттың әскери қызметшілері Орал қаласындағы Оқушылар үйінің тәрбиеленушілері мен шығармашылық ұжымына экскурсия ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мұндай шаралар жасөспірімдерді Отанды сүюге тәрбиелеу, оларды әскери оқу орындарына түсуге ынталандыру мақсатында өткізіліп отыр.
Білім ордасының өкілдері оқушыларға ашық аспан астындағы авиация техникасының мұражайын көрсетті. Балалар ұшқышсыз басқарылатын құрылғылармен танысып, кейбір ұшақтардың штурвалында отырып көрді.
Институт курсанттары бүлдіршіндерге мұражайдың әрбір жәдігері жайлы айтып, балалардың барлық сұрақтарына жауап берді.
Авиация қару-жарағын құрастыру және пайдалану кафедрасының оқытушысы подполковник Аманғали Сапулдьяров балаларға авиациялық зақымдау құралдарының үлгілерін көрсетіп, олардың қызмет көрсету тәртібі туралы әңгімеледі.
Өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеуге атсалысу – әскери жоғары оқу орны және оның жеке құрамының маңызды міндеттерінің бірі.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек