Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекОралда тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқыс әлі бықсып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полигондағы қоқыс 25 мамыр күні кешкісін өртенген.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәліметінші, 29 мамыр күнгі сағат 12.00-дегі мәлімет бойынша Орал қаласынан 15 шақырым жерде орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында 750 шаршы метр аумақта қоқыс тұтануда. Ашық жанулар жоқ. Жалпы ауданы 33 гектар аталмыш полигон «ICM Recycling» ЖШС теңгерімінде. «ICM Recycling» ЖШС (8 адам, 4 бортты автокөлік, 1 экскаватор, 1 бульдозер) күшімен жану аумағына саз балшық жеткізіліп, себілуде. Бақылауды ұйымдастыру үшін №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі (6 адам, 1 техника) тартылды. Өрттің таралу қаупі жоқ. Зардап шеккендер жоқ. Сөндіру жалғасуда. Осы кезге дейін 16 810 тонна топырақ әкелінді, деп хабарлады ведомстводан.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?