Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыОрал қаласында 9 қабатты үйде өрт шығып, 50-ден астам адам эвакуацияланды. Бұл туралы KAZINFORM-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 29 сәуір күні сағат 08.05-те Зачаган кентінде М.Мөңкеұлы көшесі 85/2 мекенжайында болды.
Орал қаласында көппәтерлі тұрғын үйдің 7-қабатындағы пәтерлердің біреуінде аумағы 18 шаршы метрді қамтыған өрт болды. Жатын бөлмеде жеке заттар мен жиһаз отқа оранды. Дереу оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 53 адамды, соның ішінде 18 баланы эвакуациялады. «Тілсіз жау» сағат 08.33-те оқшауланып, 08.49-да ауыздықталды. Оған жеке құрамнан 35 адам, 13 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде оқиғаның себеп-салдары анықталу үстінде, - делінген мәліметте.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді