Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыОралдағы Басқақ тоғайы аумағынан шыққан өрт 70 гектар аумақты қамтыды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Орал қаласының шетіндегі (Перевалочная тоғай ауданы), «Орман және жануарлар дүниесін қорғау» ММ аумағында құрғақ шөп пен орман екпелері өртеніп жатыр.
Мамандар елді мекендерге ешқандай қауіп төніп тұрмағанын айтады, Жекелеген жану ошақтарына су төгу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Дегенмен жел бағытының өзгеруі мен арнайы техниканың өтуі мәселе туындатқандықтан, өртті сөндіру қиынға соққан. Тиісінше сөндіру жұмыстары жаяу өрт сөндіргіштер мен хлопушкаларды пайдалану арқылы жүргізілуде.
Өртті сөндіруге жалпы ТЖД, «Резерв» мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі, әкімдіктің ерікті өртке қарсы құралымдары, орман шаруашылығы, «Жайықтазақала» ЖШС 158 адам және 34 бірлік ТЖД техникасы жұмылдырылды, - делінген ҚР ТЖМ таратқан мәліметте.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді