20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекОрал қаласында су тасқынының алдын алу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2025 жылғы 9 наурыздағы жағдай бойынша 291 адам және 268 техника бірлігі жұмылдырылған. Атқарылған шаралар:
Шығарылған қар көлемі – 310 631 м³, соңғы тәулікте – 12 744 м³
Сорылған су көлемі – 2 757 м³, соңғы тәулікте – 1 689 м³
Орал қаласы мен оның маңындағы 33 көше тазартылды
Орал қаласында қар тазалау және шығару жұмыстары 22 көшеде жүргізілуде, олардың ішінде Мәметова, Гагарин, Назарбаев, Достық және басқалары бар.
Зашаған кентінде 5 көшеде жұмыс атқарылса, Деркөлде 5 көше тазартылып, Круглоозерныйда Тоғайлы-Мамыр көшесінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. 8 наурыздан бері жедел желіге 6 өтініш келіп түсті, соңғы тәулікте – 1. Жұмыстар тәулік бойы жалғасуда. Қажет болған жағдайда тұрғындар төтенше қызметтерге жүгіне алады, - деп жазылған облыс әкімдігі таратқан мәліметте.
Еске сала кетейік, кеше облыс әкімі Нариман Төреғалиев төтенше жағдайларды жою жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізіп, су тасқынының алдын алу бойынша қажетті шараларды қабылдау бойынша нақты тапсырмалар берген болатын.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?