29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыОрал қаласындағы «Атамекен» өнер орталығында ҚР кубогінің төртінші кезеңі – ORAL OPEN халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталған жарысқа АҚШ, Армения, Үндістан, Беларусь, Украина, Ресей, Өзбекстан, Швеция, Түркия, Дания, Черногория және Қазақстаннан 180-ге жуық шахматшы қатысуда.
Соның ішінде 17 халықаралық гроссмейстер бар.
Турнирдің ашылу салтанатында БҚО әкімінің бірінші орынбасары Ержан Балтаев, ҚР шахмат федерациясының вице-президенті Александр Бабенко мұндай додалардың аталмыш зияткерлік спорт түрін кеңінен дамытуда маңызы зор екендігін атап өтіп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Іс-шарада айтылғанындай, Батыс Қазақстан облысында да өзіндік шахмат мектебі қалыптасқан. Өңірден халықаралық гроссмейстер Мұртас Қажығалиев, сондай-ақ Валерий Мин, Әлібек Игамбергенов, Роман Козлов, Жанат Сайын, Азамат Өтеғалиев, Айсезім Мұхит, Әлихан Ерғалиев, Лаура Әбділдаева секілді елге танылған шахмат шеберлері шықты.
Халықаралық жарыс 28 шілдеде мәресіне жетіп, жеңімпаз-жүлдегерлер анықталады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек