Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыОрал қаласында су тасқыны салдарынан жалғыз баспанасы жарамсыз деп танылған тағы 12 саяжай тұрғыны баспаналы болды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Жаңа пәтерлер демеушілер қаржысына сатып алынды. Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, қаржылық ұйымдар мен демеушілер өңірдегі зардап шеккен тұрғындарға қол ұшын созып, көмегін беруде. Комарово саяжайының тұрғыны Айнаш Сәменованың жалғыз баспанасы суға кетіп, жарамсыз деп танылған. Бүгін ол жаңа пәтеріне кірді.
2017 жылы Комарово саяжайынан үй салып, отбасымызбен тұрып жатқан едік. Көктемгі тасқын кезінде үйімізді су басты. Қазір, міне, жаңа пәтердің кілтін қолымызға алдық. Қаланың орталығында жаңа үйде тұрамыз деп күткен жоқпыз. Осындай жағдай жасаған Мемлекет басшысына алғысымды білдіремін, - деді ол.
Жалпы Орал қаласында күні бүгінге саяжайдағы жалғыз үйлерін су басқан 71 отбасыға баспана берілді. Бұл жұмыс әрі қарай жалғасады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді