19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Орал қаласында саяжай аумағында құрғақ шөп пен бұталар өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, өрт 9 қыркүйек күні 2 саяжай аумағында тұтанды.
Сағат 17.03-те «Меховщик» саяжай қоғамдастығында 0,5 гектар аумақта құрғақ шөп пен бұталар отқа оранды. «Тілсіз жау» №1 және №2 өрт сөндіру бөлімшелерінің күшімен (14 адам, 4 техника) сағат 19.24-те ауыздықталды. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр, - деп хабарлады ведомстводан.
Департаменттен түскен мәліметке қарағанда, иесі тастап кеткен бір учаскеде құрғақ шөп жанғанымен, саяжай үйін жалын шарпыған жоқ. Бірде-бір саяжай үйі отқа кеткен жоқ.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары