Бүгiн, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіОралда балалар өнер мектебінің шатыры өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Сағат 17.46-да Н.Башмаков көшесі 6-мекенжайда 5 қабатты тұрғын үйге жапсарлас орналасқан №1 өнер мектебі ғимаратының шатырында рубероидты төсеу кезінде газ қоспасы жарылған (қираусыз). Жалын шамамен 40 шаршы метрді шарпыған. Өртке 3 ранг беріліп, оқиға орнына ТЖ департаментінен 48 адам және 9 техника жетті. Оқиға орнына жеткен кезде 3 ранг расталмады, департаменттен 9 адам 2 техника жұмыс істеді. Олардың жедел әрекет етуі нәтижесінде өрттің өршуіне жол берілген жоқ. Зардап шеккендер жоқ. Келтірілген шығын, өрттің шығу себебі анықталу үстінде, - делінген БҚО ТЖ департаменті хабарламасында.
Тілсіз жау сағат 18.00-де оқшауланып, 18.15-те ауыздықталды.
Бүгiн, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады