20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекОралда мектеп директорының аттестат толтыру үшін ата-аналардан ақша жинағаны анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, директордың баспа құрылғыларының мектепті бітіргені туралы аттестаттарды толтыру үшін ақша жинау дерегі бойынша аталған мекемеге ата-аналар жүгінген.
Осы ақпараттың дұрыстығын тексеру үшін 20 маусымда «ANTIKOR Ortalygy» сервистік орталығында құзыретті органдар өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Тексеріс қорытындысында тапсырыс беруші – білім беру ұйымы мен өнім беруші – ЖШС-мен арада 19 мамырда мектепті бітіргені туралы аттестаттарды толтыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғаны анықталды. Мемлекеттік сатып алуды өткізу барысында тапсырыс беруші техникалық ерекшелікте ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 21 қарашадағы «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды толтыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» №565 бұйрығының талаптарын сақтамаған, яғни баспа құрылғыларының көмегімен аттестаттарды толтыру көрсетілмеген. Осыған байланысты мектеп директоры егер ата-аналар электронды түрде толтырылған аттестат алғысы келген жағдайда олардан 1000 теңгеден ақша жинау туралы нұсқау берген. БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуынан кейін түлектердің ата-аналарынан жиналған ақшалай қаражат қайтарылды, аталған бұзушылыққа жол бергені үшін кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады ведомстводан.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?