Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыОралдағы Достық үйінде еріктілер орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Батыс-Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанынан орын тепкен орталыққа белсенді еріктілер көп жиналды.
Енді орталықтың есігі барлық ерікті көмекшілер үшін ашық. Бүгінгі таңда еріктілер базасында 500-ге жуық адам тіркелген. Олардың басым көпшілігі - өз бастамасы бойынша еріктілер қозғалысының орталығына өтініш білдірген және өз деректерін қалдырған тұрғындар. Олардың арасында жастар ғана емес, сонымен қатар демеушілік көмек көрсететін кәсіпкерлер, коммерциялық ұйымдар да бар.
Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілер қозғалысының орталықтары ҚХА-ның біртұтас жалпыреспубликалық жүйесін қалыптастыру және этномәдени бірлестіктерді, азаматтық қоғам институттарын еріктілікті дамытуға тарту үшін әр өңірдегі Достық үйлерінің негізінде құрылуда.
Сонымен қатар, бұл - Ассамблея жастары бастамаларының бірі ғана. Өңірде волонтерлер қозғалысы қарқын алып келеді. Бүгінде әлеуметтік саланың әр бағытында еріктілер қызмет етіп, қол ұшын созуда. Олар экологиялық акциялардан бастап, қарияларға қолдау таныту, жануарларды қорғау мен қайырымдылық істерге атсалысады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді