29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыОрал қаласында екі күнде 2 ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бірінші оқиға 11 шілде күні болған.
Сағат 17.30-да Исатай-Махамбет көшесі 79-үйдің жанынан 68 жастағы ер адамның мүрдесі табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған.
Аталған азамат биылғы 4 маусымнан бастап із-түзсіз жоғалып кетіп, іздестірілген.
Сондай-ақ 12 шілде күні сағат 10.30-да Х.Чурин көшесі бойындағы үйдің пәтерінен 63 жастағы ер адамның денесі табылды.
Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
«Екі дерек те сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді», деп хабарлады ведомстводан.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек