Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыОралда бопсалаумен айналысқан күдіктілер ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
19 қазанда Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті ҰҚКД-мен бірлесіп, кәсіпкерлерден жүйелі түрде ақша мен қымбат ұялы телефондарды бопсалаумен айналысқан Орал қаласының төрт тұрғынын ұстады. Шығын 10 млн теңгені құраған.
Күдіктілер деструктивті діни ағымның жақтаушылары болып табылады, бұрын бірнеше рет сотталған, - делінген мәліметте.
Ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу кезінде суық қару, есірткі, діни материалдар және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігі (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді