Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыОрал қаласында балаларды алып бара жатқан автобус жанып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 13 маусым күні Г. Бельгер көшесінде болды.
Сағат 12.40-та Г. Бельгер көшесіндегі 114-үй тұсында «ПАЗ» жеке автобусы отқа оранды. Тілсіз жау сағат 13.09-да оқшауланып, 13.14-те ауыздықталды. Адамдар аман. Оқиға орнында 6 адам (1 техника) жұмыс істеді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде, - деп хабарлады ведомстводан.
Оқиға куәгерлерінің сөзіне қарағанда, автобус балаларды алып келе жатқан. Барлығы шығып үлгеріпті. Өртеніп жатқан автобустың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Желі қолданушылары көлікте мектеп лагеріндегі оқушылар болғанын және олардың киноға бара жатқанын жазған.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді