20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекОралда 85 жастағы зейнеткерді соққыға жығып, тонап кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
БҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 қазан күні шамамен сағат 11.30-да белгісіз біреу 1938 жылғы зейнеткердің үйінің есігін қаққан. Есікті ашқан кейуанаға бірнеше соққы жұмсаған.
Содан кейін үйден жәбірленушінің қызына тиесілі 720 мың Ресей рублін (5 мыңдық купюралар) жымқырып кеткен. Келген залал көлемі – 3,5 млн теңге.
Қылмыстың орын алғаны туралы ақпарат түсісімен полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жетті. Арнайы жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Орал қаласының 1991 жылғы тұрғыны анықталып, қолға түсті. Тексеру барысында оның бұрын алаяқтық, ұрлық және тонауға қатысты қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Ұрланған ақша жартылай тәркіленді. Ұсталған күдікті Орал қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігіне (қарақшылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлады БҚО ПД.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?