Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыМ.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде студенттерге арналған жаңа 500 орындық 9 қабатты жатақхананы пайдалануға берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ЖОО Республика бойынша өз қаражаты есебінен жатақхана салу тәжірибесін алғаш рет жүзеге асырды.
Нысан заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған. Әр секцияда ас, жатын, жуыну бөлмелері бар. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі студенттерге инклюзия форматына сәйкес арнайы бөлмелер мен мүгедектігі бар білім алушыларға 16 орын жасақталған. Бұдан бөлек, студенттер үйінде фитнес залы, дәріхана, медициналық пункт, кафетерий және мұғалімдер мен кезекшілерге арналған бөлмелер пайдалануға берілмек. Жатақхана аумағы толық абаттандырылып, спорт алаңы тұрғызылды.
Жаңа жатақхана Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан – бәріміз және әрқайсысымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасының 89-тармағында көрсетілген «Студенттік жатақханадағы орын тапшылығы мәселесін шешу» тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылды.
Жатақхананың құрылысы мен пайдалануға беру барысында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев арасында екі жақты келісімге қол қойылды. БҚУ басқарма төрағасы-ректор Нұрлан Серғалиев жобаға бастан аяқ жетекшілік етті.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде жаңа жатақхананы қоса алғанда студенттерге 1526 орын жасақталды.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек