23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіОрал тұрғыны синтетикалық есірткіні сақтағаны үшін 3,6 жылға сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2023 жылдың жазында Орал станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Локомотив депосы ауданында Орал қаласының 34 жастағы тұрғынын ұстады. Жеке тінту барысында ұсталғаннан есірткі заты табылып, тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат жалпы салмағы 1,07 грамм болатын Альфа-PVP синтетикалық есірткі заты болып шықты. Бұл қолданыстағы заңнамаға сәйкес аса ірі мөлшерге жатады.
Сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі бойынша жүргізілді. Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қаскүнемге 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы еліміздің көлік полицейлері 403 есірткі құқық бұзушылығын анықтады, оның ішінде 33 өткізу фактісі, 22 аса ірі көлемде сақтау фактісі. Заңсыз айналымнан 428 келіден астам түрлі есірткі құралдары тәркіленді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады