Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазнетте 5 күнге дейін ауырған балаларға білім беру мекемесіне анықтама апарудың қажеті жоқ деген хабарлама тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
Әлеуметтік желіде вирустық инфекциялармен сырқат өршіген кезеңде бала 5 күнге дейін ауырса, балабақша мен мектепке анықтамасыз баруға болады деген ақпарат Қазақстан Республикасына қатысты емес. Бүгінде «Мектепке дейінгі білім беру және балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларға сәйкес, егер бала мектепте үш және одан да артық күн болмаса, ол дәрігердің денсаулық жағдайы туралы анықтамасы болған кезде ғана қабылданады. Жіті аурулармен ауырған оқушылар мен тәрбиеленушілер бақылауға алынып, қалпына келтіріледі. Білім беру мекемесіне бармау ұзақтығы дәлелді себептермен оның (мектептің) ішкі тәртібімен айқындалады. Ресми ақпарат көздерінен тараған ақпаратқа ғана сүйену керек, – делінген хабарламада.
Бала 5 күн бойы жедел вирустық респираторлық инфекциямен ауырса, ата-аналар медициналық мекемеден анықтама алмайды деген ақпарат Желіде осы жылдың қыркүйек айында жарияланды. Бұл қаулыны Беларусь Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі шығарды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?