Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПавлодар әкімі Хасар Қабылбеков бүгін мектептердегі қауіпсіздік мәселесі бойынша жиын өткізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мұндай шешімді ол қаладағы мектептердің бірінде оқушының сыныптасы мен мұғалімге пышақ жарақатын келтірген соң қабылдаған.
Бүгінгі №14 орта мектепте болған оқиғаға қала әкімі ғана емес, екі оқушының әкесі ретінде де үнсіз қала алмадым. Оқиға болған жерде болдым, мектеп басшылығымен, мұғалімдермен сөйлестім. Зардап шеккен балаға барып, оның тезірек сауығып кетуін тілеп, қандай көмек қажет екенін білдім. Павлодар мектептеріндегі қауіпсіздік мәселелері бойынша үлкен жиналыс өткізбекпін, - деді әкім.
Қала басшысының сөзінше, оқушылар өздерін қауіпсіз сезінуі үшін шұғыл түрде кешенді шаралар қабылданады.
Біз болған оқиғаның қайталануын болдырмауға мүмкіндік беретін шаралар кешенін келісіп, жедел жүзеге асырамыз деп үміттенемін. Павлодарлық ата-аналар білім беру ұйымдарының қабырғасында балаларының өмірі мен денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейтініне сенімді болуы тиіс, - деді ол.
Естеріңізде болса, 12 мамырда жасөспірім мектепте сыныптасы мен мұғаліміне пышақ жарақатын келтірген болатын.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді