Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин Алматыдағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның сөзінше, оқушымен, ата-аналармен және педагогикалық ұжыммен кездесу өткен. Талқылауға сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл мен қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты.
Кездесу барысында бұған дейін қабылданған шешім қайта қаралып, тараптар өзара түсіністікке келді. Назарбаев Зияткерлік мектебі өз шешімін өзгертпейді, оқушы мектептен шығарылып, мемлекеттік жалпы білім беретін мектепке ауыстырылды. Оқушының ата-анасы тарапынан ешқандай қарсылық жоқ.
Назарбаев Зияткерлік мектептері шәкірттерге әрдайым құрметпен қарап, қолдау көрсетуді және өзара сыйластыққа негізделген сындарлы қарым-қатынасты басты қағида ретінде ұстанады. Дегенмен, мұғалімдерге құрметпен қарау – мектеп үшін өзгермейтін және қатаң сақталатын талап, - деді ол.
Ол қоғамның бұл мәселеге бейжай қарамай, белсенділік танытқанына да алғыс білдіріп, кері байланысты және ашық диалогты жоғары бағалайтынын еске салды.
Оқу-ағарту министріне, министрлік өкілдеріне және бала құқықтары жөніндегі уәкілдерге аталған жағдайға жіті көңіл бөліп, қолдау көрсеткендері үшін ризашылығымды білдіремін, - деп жазды ол.
Айта кетейік, аталған білім ордасының 11-сынып оқушысы мұғалімді балағаттағаны үшін оқу жылының соңында мектептен шығарылған. Бұл жайт қоғамда қызу талқыланып, депутаттарға дейін пікір білдірді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?