Мектеп оқушылары 2025-2026 оқу жылы қорытындылап жатыр. Биыл 215 мың түлек мектеп бітіреді.
Еліміздің 2025-2026 оқу жылы аяқталуға санаулы күндер қалды. Биыл оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтайды. Оның ішінде екі жүз он бес мыңнан астамы – 11-сынып түлектері.
Оқу жылының қорытындысы бойынша 31 мыңнан астам оқушыны – 9-сыныпты үздік аяқтауға үміткер. Ал 18 мың оқушы 11-сыныпты үздік бітіреді. Қазір білім беру ұйымдарында 420 мыңнан астам педагог еңбек етеді.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы іске асқанына бірнеше жыл болды. Жоба аясында 217 заманауи мектеп пайдалануға берілді. Оның 84-і ауылды елді мекендерде орналасқан. Қазіргі осы мектептерде 220 мыңнан астам оқушы білім алып, 16 мыңға жуық педагог жұмыс істеп жүр
ҰБТ қашан басталады?
10 мамыр – 10 шілде аралығында негізгі ҰБТ өтеді. Тестілеуге өнім қабылдаудың бірінші легі 11–16 сәуір аралығында, ал екіншісін 17–25 сәуір аралығында өтті. Талапкер қайдпа және қашан тапсыратынын өзі таңдайды.
Негізгі тестілеуге аз уақыт қалды. Осы орайда Ұлттық тестілеу орталығының сайтында сынақ тесттері бар. Оның үстіне түлектер қаңтар мен наурыз айында да ҰБТ тапсырып көрді. ҰТО сайтында қатемен жұмыс істеу үшін мүмкіндік жасалған.
Ереже бұрынғыдай: калькулятор, химиялық элементтердің периодтық жүйесі және тұздардың ерігіштік кестесін аудиторияға алып кіруге болады. Тестілеу аяқталған соң 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере аласыз.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тестілеуге кірер кезде телефон, шпаргалка сияқты тыйым салынған заттарды өткізбеу үшін қол және рамкалы металл іздегіштер қолданылады.
Тестілеу аудиторияларында рұқсат етілген магниттік толқындар шегінде ұялы және радиоэлектрондық байланыс сигналдарын басу құрылғылары пайдаланылады, сондай-ақ бейнебақылау жүргізіледі.
ҰБТ-2026 аяқталғаннан кейін 31 қазанға дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды қолдану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда талапкердің ҰБТ нәтижелері жойылады.
Оқуға түсу үшін ең төменгі шекті балл: