Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматы облысының «Тамғалы Тас» шатқалындағы ТЖМ «Жартасты қала-Астана» оқу-жаттығу полигонында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі міндеттерді орындау үшін пилотсыз авиацияны қолдану бойынша мастер-тренинг өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шара Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымы мен Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін азайту орталығының қолдауымен өткізілді. Мастер-тренинг құтқарушылардың зардап шеккендерді іздеу, төтенше жағдай орнындағы жедел жағдайды бағалау, жергілікті жердің рельефін зерттеу, қар көшкін, көшкін және су тасқыны жағдайын бақылау үшін пилотсыз ұшу аппараттарын қолдану дағдыларын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған.
Пилотсыз технологиялар және ГАЖ жүйелері бойынша маман Т.Таменов және төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалар қаупін азайту орталығының екі жаттықтырушысы Б.Оспанов пен А.Оспанов Қазақстан Республикасы ТЖМ, Қырғыз Республикасы ТЖМ, Тәжікстан Республикасы ТЖМ және Өзбекстан Республикасы ТЖМ ұшқышсыз ұшу аппараттарының 30 операторын оқытты.
Тренинг төрт ел командаларының мамандарына ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдануда теориялық және практикалық тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
Тренинг қорытындысы бойынша қатысушылар арасында келесі дистанциядан тұратын жарыстар өткізілді.
Жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынды Тәжікстан Республикасы ТЖД және Батыс Қазақстан облысы ТЖД өкілі құрамындағы команда, екінші орынды Өзбекстан Республикасы ТЖМ және Ақмола облысы ТЖД өкілдері иеленді. Ал Қызылорда облысы ТЖД және Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД өкілдері жеңімпаз атанды.
Жеңімпаздар грамоталармен марапатталды. Бұдан өзге барлық қатысушыға Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының дайындық курстарынан сәтті өткендігі туралы сертификаттары берілді.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?