20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҮкімет қаулысымен Майра Мелдебекова оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Майра Тұрғанбайқызы 1971 жылы дүниеге келген. Абай атындағы Алматы Еңбек Қызыл Ту ордені университетін, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1988 жылы пионер лагерінің тәрбиешісі болып бастаған.
1993-2005 жылдары аралығында Шымкент қаласының, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының бірқатар мектептерінде мұғалім, директордың орынбасары, директор қызметтерін атқарды.
2005-2018 жылдары – Білім және ғылым министрлігінің бас маманы, басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары, директоры.
2018-2020 жылдары – Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы;
2020-2021 жылдары – Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрағасы;
2021-2022 жылдары – Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары;
2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?