19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Елімізге белгілі нейрохирург, медицина саласындағы үздік маман Мыңжылқы Бердіқожаев "1001 түн" бағдарламасында операция кезінде сүре тыңдайтынын айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Соңғы бір жылдай уақыт болды. Операция кезінде «Бақара» сүресін қосып қоямын. барлық бригада тыңдайды. Науқас егер жергілікті анастезиямен болса, науқас та тыңдайды. Ол өте мықты сүре деп ойлаймын. Кейбір дәрігерлер музыка тыңдайды. Өз басым музыка тыңдап көрдім, кейбір жағдайларда алаңдатады. Күнде бір сүре алаңдата қоймайды, арасында таныс сөздер де бар. Ол да бір күрделі операциялар кезіндегі амалдардың бірі, - дейді дәрігер.
Президент іс басқармасы медициналық oрталығының хирургия жөніндегі директорының орынбасары Мыңжылқы Бердіқожаев бұған дейін 12 сағат бойы тік тұрып ота жасағанын айтқан еді.
Биыл 500-ден аса операция жасадым. Алматы қаласында 300-ден аса, Астанада 100-ден аса операция жасадым. Сонымен қатар, аймақтарға шығып, көршілер Өзбекстанға да ай сайын барып 70 рет операция жасадым. Күніне 14-17 операция жасаған кездер де болды, - дейді хирург.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары