30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыСуицид жасаған "ӨКМ операторы" ЖШС-нің басқарушы директоры Руслан Шәмшиевтің өліміне қатысты қосымша сараптамалар тағайындалды. Марқұмның жұбайы мәйіт мойнында екінші тұншықтырғыш заттың ізі қалғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қылмыстық іс қазір Астана қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасында Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі ("Өзін-өзі өлтіруге итермелеу") бойынша тергелуде. Осы ретте іс бойынша 94 куәгерден (туыстары, достары, әріптестері және т.б.) жауап алынып, қосымша сараптамалар тағайындалды.
Сараптама қорытындысы бойынша мекеме басшысы тыныс алу жолдарының қысылуынан туындаған механикалық асфиксиядан болған. Мәйіттен басқа жарақаттар табылмады. Сондай-ақ оның кабинетіндегі үстелдің үстінен суицид туралы қолжазба қағаз табылды.
“Тергеу барысында жәбірленушінің әйелі мәйіт мойынында екінші тұншықтырғыш ойықтың болғанын айтты. Бұл деректі Мәскеудегі жеке компания жасаған сараптама қорытындысы да растаған. Осыған байланысты оның өтініші бойынша және Астана қаласының прокуратурасымен келісе отырып, Ресейдің құзырлы органдарына қосымша сот-медициналық сараптама жүргізу туралы халықаралық ұйғарым жіберілді”,- делінген Ішкі істер министрлігі хабарламасында.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды