Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыОңтүстік Кореяда прокурорлар елдің қызметінен уақытша шеттетілген президенті Юн Сок Ельге қарсы ресми түрде "бүлік жасады" деген айып тақты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Прокурорлар президентке тағылған айыпты өткен жексенбі күні кешке жария етті. Юн Сок Ель президенттік мерзімінде айып тағылған алғашқы Оңтүстік Корея президенті атанып отыр.
Мәлімдемеде сондай-ақ "айыптауларды растайтын жеткілікті дәлелдер бар" делінген. Парламенттік тыңдаулар кезінде армия командирлері елде соғыс жағдайы енгізілген кезде парламентте отырған заң шығарушыларды "шығарып алу" үшін парламенттің есігін бұзу туралы тікелей бұйрық алғанын айтты. Юн мұны жоққа шығарып отыр.
Еске салайық, Юн Сок Ель 2024 жылғы 3 желтоқсанда елде қысқа мерзімді әскери жағдай жариялап, бүлік жасамақ болған.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді