Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерОңтүстік Корея полициясы елдің бұрынғы президенті Мун Чжэ Иннің қызы Мун Да Хеге қатысты алаяқтық бойынша іс қозғады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Yonhap агенттігінің мәліметінше, әйел 2022 жылы қайырымдылық аукционы аясында ақша жинаған, алайда уәде еткеніндей қаржыны коммерциялық емес ұйымға аудармаған. Нәтижесінде Мун Да Хеге шағым түсіп, қазіргі уақытта оның банк шоттары мен қаржылық операцияларын құқық қорғау органдары тексеріп жатыр.
Сеул қаласындағы Содэмун полиция бөлімі Мунның алаяқтық ісі бойынша күдікті ретінде жуырда ұсталғанын хабарлады, — делінген ақпаратта.
Сонымен қатар, елдің тағы бір бұрынғы президенті Юн Сок Ёль қазіргі кезде билікті асыра пайдалану ісі бойынша тергеліп жатыр. Бұған қоса, ол 2024 жылдың 3 желтоқсанында елде әскери жағдай енгізуге талпыныс жасағаны үшін бүлік ұйымдастыру бабы бойынша да айыпталуда. Алайда журналистердің айтуынша, бұрынғы мемлекет басшысы қамауға алынбаған.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі