Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЕңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев шетелде жүрген қазақстандықтардың құқықтары қалай қорғалатынын айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта еңбек көші-қоны саласында 10 келісім қолданыста (ҚХР, Оңтүстік Корея, Вьетнам, ТМД елдері, Қырғызстан,Тәжікстан). Бұл келісімдерде Қазақстан азаматтарының болуы осы елдер мен еңбек қызметі мәселелері реттелген. Бұған қоса, шетелде қазақстандықтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету бөлігінде 8 жаңа үкіметаралық келісім әзірленді, - деді көші-қон комитет төрағасы.
Сөзінше, Қазақстанды Оңтүстік Кореяда жұмысқа орналасуға рұқсат беру жүйесіне (EPS) енгізу бойынша тиісті шаралар қабылданған.
Шығыс Қазақстан облысында келесі айдан бастап сапарға дейінгі орталығын құру жұмыстары басталды. Орталықтың негізгі міндеті – Оңтүстік Кореяда жұмысқа орналасқысы келетін үміткерлерді тілдік курстарда оқыту, корей тілін білуге тестілеу, біліктілігін арттыру. Аталған, бұл жобаны іске асыру біздің азаматтарымызға Оңтүстік Корея аумағында олардың әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау кепілдігімен 3 жылға дейін заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік береді, - деді ол.
Айта кетейік, Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев Астанаға көшіп келушілер санын шектеу керек деген депутаттың пікіріне қатысты мәлімдеме жасады.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді