Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекОңтүстік Кореяда құлаған Jeju Air ұшағының апатқа ұшырау себебі анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Yonhap агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, 29 желтоқсанда Муан әуежайында Jeju Air әуе компаниясына тиесілі Boeing 737-800 ұшағы құлап, 179 адам қаза тапқан еді.
Зерттеу деректеріне сәйкес, 7C2216 рейсі ұшағының экипажы жергілікті уақыт бойынша сағат 8:54:43-те диспетчерлерге хабарласып, қонуға рұқсат сұраған. Рұқсат берілгенімен, сағат 8:57:50-де диспетчерлерге экипажға құстармен соқтығысу қаупі туралы ескерткен.
Арада бірнеше секунд өткенде ұшқыштар ұшақтың астында құстардың бар екенін растаған. Бейнебақылау жазбасында әуе кемесінің құстармен соқтығысқаны жазылып қалған. Сағат 8:58:50-де қара жәшіктегі жазба бірден өшіп қалғаны айтылды.
Құстармен соқтығысу салдарынан ұшақтың қозғалтқышы істен шыққаны анықталды. Зерттеушілер салдарынан борттағы электр жарығы сөніп, ұшақты басқару мүмкін болмағанын алға тартты.
Сағат 9:02:57-де ұшу-қону жолағына құлаған. Жолақтың бетон қоршауына соғылған соң ұшақ жарылған. Апат кезінде әуе кемесі 150 метрдей биіктікте болып, сағатына 300 шақырым жылдамдықпен қозғалған.
Boeing Бангкоктан Муанға қарай ұшып шыққан. Қайғылы оқиғадан экипаждың екі мүшесі аман қалды. Ұшақ толықтай өртеніп кетті.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?