Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекОңтүстік Кореяда, Сохэан автомагистралінде Қазақстан азаматтарының қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Korea JoongAng Daily басылымы мәлімдеді.
Апат Кёнгидо провинциясындағы Хвасон ауданы маңында, түнгі сағат 00:30 шамасында орын алған.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Mercedes-Benz көлігі жол бойындағы қоршауға соғылып, соққыдан кейін бірнеше метрге ұшып кеткен. Соның салдарынан автокөлік отқа оранып, өртеніп кеткен. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 30 минуттың ішінде ауыздықтағанымен, көлікте болған төрт жолаушының барлығы көз жұмды.
Қазіргі уақытта жергілікті полиция апаттың нақты себептерін анықтап, қаза тапқандардың тұлғасын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Otyrar.kz қайтыс болған азаматтардың денесін Қазақстанға жеткізу үшін Шымкентте қайырымдылық науқаны ұйымдастырылып жатқанын мәлімдеді. Қажетті қаражат көлемі — 36 миллион теңге.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?