29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыОңтүстік Кореялық БАҚ Қазақстан азаматының қайтыс болғанын жазды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Кимхэбу полиция бөлімінің мәліметінше, оқиға 20 қыркүйек күні таңғы сағат 8:25 шамасында болған.
47 жастағы А. есімді Қазақстан азаматы Кимхэ қаласының Квандон ауданындағы 18-қабаттағы пәтердің төбесіне бояу жұмыстары үшін қорғаныс жолағын орнатып жатқан. Болжам бойынша, ол қауіпсіздік жолағын орнату үшін дренаждан өтіп бара жатқанда кертпеден құлап кеткен. Оқиғадан кейін қазақстандық азамат бірден ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады, – делінген хабарламада.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Қазақстан азаматы заңсыз жұмыс істеп жүрген болуы мүмкін. Онымен бірге 50-ге жуық адам жұмыс істейді.
Кореяның Еңбек министрлігі жазатайым оқиғаның мән-жайын, соның ішінде "Еңбекті қорғау және қауіпсіздік туралы" заңның бұзылуын тексеріп жатыр. Ал полиция жұмыс орнындағы кісі өлтіру фактісіне тексеріс жүргізуде.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек