28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазақстанда онлайн-несие рәсімдеу тәртібіне қатысты жаңа талаптар енгізіліп жатыр. Енді белгілі бір сомадан асатын қарызды қашықтан рәсімдеу кезінде азаматты міндетті түрде сәйкестендіру қажет болады. Бұл процесс Ұлттық банктің деректер алмасу орталығы арқылы жүзеге асады.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, бұл талап барлық несиеге емес, тек белгіленген шектен асатын онлайн-қарыздарға қатысты.
Оқи отырыңыз:
«Қабылданып жатқан шаралар қауіпсіздікті арттыруға бағытталған және қашықтан несие алу мүмкіндігін шектемейді», – деп хабарлады реттеуші.
Сондай-ақ агенттік бұл жүйе тек клиенттің жеке басын растау үшін қолданылатынын нақтылады. Ал несие беру туралы шешімді бұрынғыдай екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдары өздері қабылдайды.
«Ұлттық банк бірінші деңгейлі банк болып табылады және жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейді, оның ішінде несие берумен айналыспайды», – делінген хабарламада.
Жаңа талаптар онлайн несие алуға толық тыйым салмайды. Керісінше, алаяқтық тәуекелдерін азайтып, қашықтан қызмет көрсетудің қауіпсіздігін күшейтуді көздейді. Кейбір жағдайларда ғана клиенттің банкке барып, жазбаша келісім арқылы биометриялық сәйкестендіруден өтуі қажет болуы мүмкін.
«Бұл шара қарыз алушылардың шектеулі тобына ғана қолданылады. Қалған жағдайларда несиені қашықтан алу мүмкіндігі сақталады», – деп толықтырды агенттік.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде «кейбір санаттағы азаматтарға несие алу шектеледі» деген ақпарат тараған еді. Алайда Орталық коммуникациялар қызметінің Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы бұл мәліметті жоққа шығарды.
«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазақстанда қарыз алғанда банктер әрқашан адамның табысқа қарай несие төлей алу қабілетін тексереді. Қазіргі кезде қолданылып жүрген негізгі көрсеткіш – борыштық жүктеме коэффициенті (БЖК). Бұл көрсеткіш табыстың қанша бөлігіне несие төлемін төлей алатыныңызды көрсетеді. Мысалы, БЖК 0,5 болса, табысыңыздың жартысынан артық қарыз алмайсыз деген сөз. Жаңа көрсеткіш – борыштың табысқа қатынасы (БТҚ) – қазір тек зерттеліп жатыр, нақты шегі бекітілген жоқ», – делінген түсіндірмеде.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?