Онлайн-марафонның алғашқы үш сағаты: Құрылтай сайлауы және қоғамдық күн тәртібіндегі негізгі мәселелер

Онлайн-марафонның алғашқы үш сағаты: Құрылтай сайлауы және қоғамдық күн тәртібіндегі негізгі мәселелер

Мадина Асылбекова
Фото: Видеодан алынған кадр

Бүгін, 23 тамызда, ел тарихындағы тұңғыш Құрылтай сайлауына орай жалпыұлттық онлайн-марафон өтіп жатыр.

Ауқымды медиажоба сайлау барысы туралы жан-жақты ақпарат таратып, қоғам өміріндегі өзекті мәселелерді талқылауға арналған.Тікелей трансляция сағат 09:00-де басталып, түнгі 00:30-ға дейін жалғасады. 16 сағат бойы көрерменге сайлау процесіне қатысты жедел ақпарат, сараптамалық пікірлер, тікелей қосылымдар, арнайы репортаждар мен түрлі форматтағы бағдарламалар ұсынылады.

Марафонның алғашқы үш сағатында сайлау процесіне қатысты жедел ақпаратпен бірге қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және тарихи-мәдени тақырыптар қамтылған бірнеше арнайы алаң жұмыс істеуде. Негізгі алаңда «Халықтық Конституция» тақырыбы талқыланды. Сарапшылар Конституциядағы адам құқықтарын қорғау, Құрылтайдың құзыреті және Халық кеңесінің рөлінетоқталып, азаматтардың құқықтары мен мемлекетті басқару тетіктерін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған бастамалар жөнінде пікір алмасты.

Саясаттанушы Индира Рыстина жаңа Конституцияда адам құқықтарына ерекше назар аударылғанын атап өтті. Оның айтуынша, Ата Заңда мемлекеттің қызметі, соның ішінде, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталатыны бекітілген.

Халық Конституциясы – адамдар күнделікті өмірінде басшылыққа алатын аса маңызды құжат, – деді саясаттанушы.

Марафонның интерактивті Touch Screen жүйесінде сайлау процесіне қатысты негізгі статистикалық мәліметтер мен халықаралық рейтингтер ұсынылды. Онда дауыс берушілер мен сайлау учаскелерінің анықтамасы, кандидаттар саны және 5 пайыздық өту межесі жөніндегі деректер таныстырылды. Сонымен қатар Touch Screen алаңында Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштері назарға ұсынылды. Мысалы Қазақстанның мемлекеттік туы әлемдегі ең көркем мемлекеттік ту деп танылған, еліміз әлемдегі халқы ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілген.

Алматыдан қосылған SKY студиясында «Стартап жобалардың болашағы» тақырыбы қозғалды. Эфир қонағы, нанотехнолог, профессор Руслан Нұрлыбаев инновациялық жобалардың әлеуеті мен ғылым мен технологияның даму перспективалары туралы пікір білдірді. 

Ғылыми байқауларда стартап-жобаларды одан әрі өндіріске енгізу және оларды коммерцияландыру сияқты нақты талаптар қазірдің өзінде қойылып отыр. Келесі қадам – нарықта сұранысқа ие стартап-жобаларды әзірлеу. Бұл үшін қажетті мүмкіндіктер ашылып келеді, – деді профессор.

Ток-шоу алаңында «Заң және тәртіп», «Тәуелсіздікке – 35 жыл» тақырыптары талқыланып, азаматтардың заң талаптарын сақтау мәдениеті, құқық пен жауапкершіліктің теңгерімі және қоғамда заңға құрмет ұғымын сіңірудің маңызы айтылды.

Қазақстанның саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени салалардағы негізгі жетістіктері сараланып, жас ұрпақтың ел болашағындағы рөліне назар аударылды.

Марафонның өңірлермен тікелей байланыс бағыты да белсенді жалғасты. Шымкент қаласынан ұйымдастырылған тікелей қосылымда «Әділетті Қазақстан және «Заң мен тәртіп» тақырыбы қамтылды. Эфир барысында қаланың қарқындыдамуы, тұрғындардың өмірі және дауыс берушілердің белсенділігі көрсетілді. Журналистер туристік автобуспен шаһарды аралап, мегаполистің тыныс-тіршілігі туралы арнайы репортаждар көрсетті.

Марафонның танымдық және мотивациялық бағытындағы алаңында «Білім өзгерткен өмір» тақырыбы талқыланды. Эфир барысында Ұлыбританияның Глазго университетінде «Үздік профессор» атанған маман өз жетістікке жету жолы мен кәсіби тәжірибесі туралы әңгімеледі. Ал, «Теплоходтағы сұхбат» форматында Астана қаласы мектептерінің бірінде 2026 жылғы 65 түлегінің барлығының тегін жоғары білім алу мүмкіндігіне ие болғаны туралы айтылды.

Сайлау барысын ел ішінде және шетелде ақпараттық қамту да жалғасып жатыр. Эфирге Ақтөбе вокзалының ашылуынан онлайн қосылым ұйымдастырылып, еліміздің өңірлеріндегі маңызды оқиғалар көрсетілді. Сонымен бірге Оңтүстік Кореядан тікелей байланыс арқылы шетелдегі дауыс беру барысы туралы ақпарат берілді.

Осылайша, марафонның алғашқы үш сағатында сайлау процесін ақпараттық сүйемелдеу мен қатар, Конституция, заң мен тәртіп, білім, ғылым, инновация, елдің даму жетістіктері және жастардың болашағы секілді маңызды мәселелер кеңінен қамтылды.

Жалпыұлттық онлайн-марафон республикалық және аймақтық медиа ресурстардың ресми сайттары мен әлеуметтік желілерінде тікелей көрсетіліп жатыр. Шара барысындағы жедел жаңалықтар мен маңызды ақпараттар «Онлайн марафон – 2026» Telegram арнасында жарияланып отырады.

 Жалпыұлттық онлайн-марафон Құрылтай сайлауының өту барысын кеңінен ақпараттандырып, елдегі қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық және мәдени мәселелерді талқылауға мүмкіндік беретін ауқымды медиажоба.

Оқи отырыңыз

{