Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБұл туралы су тасқынына қарсы жұмылдырылған еріктілердің жұмысына арналған брифинг барысында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еріктілер бірінші күннен бастап аянбай жұмыс істеуде. Бүгінде Ақтөбе облысындағы еріктілердің жалпы саны 8600-ден асады. WhatsApp желісінде чаттар ұйымдастырылып, жедел түрде автокөлікпен бір нүктеден екіншісіне адам тасымалдау, эвакуациялау мәселесінде де еріктілер толығымен көмек көрсетуде. Сонымен қатар еріктілердің бірлескен еңбегі арқасында 174 тонна азық-түлік, 65 тонна азық-түлік емес бұйымдар тиісті орын-жайларға жеткізілді, - деді Ақтөбе облысының еріктілер өңірлік штабының өкілі Мирхан Ермағанбетов.
Спикер табиғи апат жарияланған кезде Түркістан, Атырау, Қызылорда өңірлерінің Ақтөбе облысына гуманитарлық көмек жібергеніне алғыс білдірді.
Ақтөбе өңірінде су көлемі азайып келе жатқандықтан, тазалық жұмыстарына, сенбіліктерге шығуды қолға алып жатқан жайымыз бар. Жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп келеді, - деді өңірлік штаб өкілі.
Жиын барысында Атырау облысының еріктілер фронт офисінің басшысы Ақбөбек Тәттібекқызы сөз алып, өз кезегінде өңірдегі еріктілердің ерлігі жайлы баяндап берді.
Қазіргі таңда волонтерлер суға кеткен аудандардан адамдарды эвакуациялау, жағадағы бөгеттерді бекіту жұмыстарына, гуманитарлық көмекпен келген заттарды сұрыптау бойынша жұмыстар атқаруда. Әр бағыттағы еріктілер кезекшілікпен жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ өңірдегі кәсіпкерлердің көмегімен түскі ас, арнайы автобустар бөлінді. Төтенше жағдай жарияланғаннан бері 10 мыңға жуық волонтер қызмет етуде, - деп нақтылады ол.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?