20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБұл туралы Мәжілісте Серік Егізбаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаев азық-түлік тауарлары бір жыл ішінде 10 пайыздан 26 пайызға дейін, ал жаңа піскен көкөністер 28 пайызға дейін қымбаттағанын, бұл ретте бірқатар олқылық барын атап өтті.
Біздің ойымызша, статистиканың анық әрі дәл болмауы Үкімет қабылдаған барлық шараның тиімділігін жоққа шығарады және бұл бүкіл ауыл шаруашылығы саласының жүйелі проблемасына айналды. Статистикалық деректер саладағы нақты ахуалды, істің мән-жайын көрсетпейді, – деді ол.
Айтуынша, деректер бойынша картоп жеткілікті мөлшерде өндіріледі, бірақ соған қарамастан, оны сырттан әкелеміз деп отыр. Мәселен, осы жылдың наурыз-маусым аралығында Пәкістаннан 120 мың тонна картоп әкелінбек.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге қатысты статистикада асыра сілтеушілік бар. Жағдайға әкімдіктер қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижесінде олардың арасында көп жылдан бері қалыптасқан өзара жасырын бәсекелестік ықпал етіп отыр. Жергілікті атқарушы органдардың қызметіне осылай баға беруден бас тартып, жұмыс тиімділігін бағалаудың басқа әдістеріне көшкен дұрыс болар, – деді Серік Егізбаев.
Үкіметке статистикалық деректердің анықтығын қамтамасыз ету үшін мәліметтерді жинау мен есепке алу жолдарын қайта қарау қажет деп есептейді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?