6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБелгілі кинопродюсер Дастан Қалдыбаев жақында "Онда біреуден туып ал" атты фильм жарыққа шығатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Фильмнің, фильмдегі оқиғаны сол бір сөзбен дәл жеткізуге болады. Киноны барып, көрмей тұрып, көп адамдардың құлағына түрпідей тиері анық. Кезінде "Күшік құда" фильмінің атауын сынаған еді. "Мынауың не, қазақта құданы құдайындай сыйлаған" деп айтып жатты, - дейді Дастан Қалдыбаев.
Дастан Қалдыбаевтың Instagram парақшасында жариялаған видеосынынан киноға кімдердің түсіп жатқанын көруге болады. Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова мен актер Тәуекел Мүсілім басты рөлдерді сомдайды.
Бұл фильмде қоғамда бар мәселе көтеріледі. Өкінішке қарай, тұрмысқа шықпай отырып қалған жалғызбасты қыздарымыз да бар, отбасын құрмай жүрген жігіттеріміз де бар. Солардың мәселесін көтерігіміз келді. Болашақта жақсы ой салатын дүние шығатынына сенімдімін, - дейді Дастан Қалдыбаев.
Айта кетейік, бұған дейін танымал актер Дастан Қалдыбаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев әулетінің тойларында бірнеше рет өнер көрсеткенін жазған еді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі