Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікБас пен дене қалпының бұзылуы, ұзақ уақыт қозғалмай отыру және ұйқыға арналған дұрыс таңдалмаған жастық – омыртқа саулығына елеулі қауіп төндіреді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы Metropoles басылымына берген сұхбатында ортопед Джанкарло Мариано мәлімдеді.
Маманның айтуынша, адамдар смартфон мен басқа гаджеттерді үнемі басын төмен иіп пайдалану арқылы мойын омыртқасына шамадан тыс жүктеме түсіреді. Адам басының орташа салмағы 4,5–5,5 кг аралығында. Ал әр сантиметрге төмен иілген сайын, бұл салмақ екі, тіпті үш есе артады.
Мойын бұлшықеттері бастың тік қалыптағы салмағына бейімделген. Алайда оны алға немесе артқа жиі еңкейту — бұлшықетке және омыртқаға зиян, – дейді Мариано.
Көпшілігіміз офисте немесе үйде ұзақ уақыт отырып жұмыс істейміз, бұл кезде бел, арқа және мойын бұлшықеттері әлсірей бастайды. Физикалық белсенділіктің жеткіліксіздігі — дұрыс қалыпты ұстауға жауапты бұлшықеттердің тонусын төмендетеді. Мұның соңы арқа аурулары мен қисаюларға әкелуі мүмкін.
Сондай-ақ, ұзақ уақыт бір орында қозғалмай тұру да зиянды. Дәрігер ұзақ сапарға шыққанда немесе кезек күткенде ара-тұра қозғалып, жаттығу жасап тұруға кеңес береді.
Түнгі демалыс кезінде дене толық босаңсуы керек. Алайда ыңғайсыз жастық бұл процеске кедергі келтіріп, таңертең мойын, арқа, иық тұсында ауырсыну мен жайсыздық туындатады. Сондықтан дәрігер ортопедиялық жастық қолдануды ұсынады.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер