2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрПремьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесі отырысында берген тапсырмаларын орындау бойынша көлік, қаржы министрліктері басшылығының, «Самұрық-Қазына» қорының, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қатысуымен кеңес өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Президент айтқан сынды ескере отырып, негізгі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мерзімдерін қысқарту қаралды. Қазақстан аумағында орналасқан өткізу пункттерін жаңғырту бойынша көрші елдермен уағдаластықтарды сапалы әрі уақтылы іске асыруға назар аударылды.
Еліміздің нарығын қолжетімді бағадағы авиациялық отынмен қамтамасыз ету үшін отандық мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуды жеделдету туралы шешім қабылданды. Премьер-министр «жасыл дәліздерді» ұйымдастыру және тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыстардың нәтижелері азаматтар мен бизнес үшін айқын болуы тиіс екенін атап өтті. Тиісті органдарға транзиттік жүктер үшін кедендік тексерусіз тетікті енгізу тапсырылды. Сыртқы қазақстандық терминалдарды қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Президенттің тапсырмаларын ескере отырып теміржол (20,5%) және құбыр көлігімен (19,5%) жүк тасымалдау көлемінің ұлғаюы аясында көлік, қаржы министрліктеріне мүдделі ұйымдармен бірлесіп бір апта мерзімде сауда және транзит ағынына әсер ететін басым жобаларды қаржыландыруды қамтамасыз ету тапсырылды.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға екі күн мерзімде жергілікті жерлердегі жұмыстарды бақылау мақсатында өңірлерге барып, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралардың егжей-тегжейлі жоспарын дайындау тапсырылды.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова