Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – ұлтаралық татулық пен этносаралық келісім үйлесім тапқан біздің еліміз үшін де ерекше мейрам.
Халқымыздың ауызбіршілігі, ұлт пен ұлыстың және түрлі дін өкілдерінің өзара сыйластығы — тәуелсіз мемлекетіміздің ең үлкен байлығы. Осынау рухани кемел құндылықтарды ұлықтай білген қазақстандықтар әрдайым бір-бірін мейірімге, шынайы бауырластыққа, ізгі қадамдарға үндейді.
Қуанышты күні шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын.
Еліміздің барша православ христиандарына және отандастарымызға зор денсаулық, бақытты ғұмыр, толайым табыс тілеймін!
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?