10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҮкімет отырысы барысында премьер-министр Олжас Бектенов мемлекет басшысы міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыруға бағытталған қаражатты жұмсау тиімділігін бақылау жөніндегі тапсырмасына назар аударды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осы міндетті орындау үшін Денсаулық сақтау министрлігі жыл соңына дейін базалық медициналық көмектің бірыңғай пакетін қалыптастыру жөніндегі жұмысты аяқтауы қажет.
Денсаулық сақтау министрлігі тиісті заңнамалық түзетулер енгізіп, олардың жыл соңына дейін қабылдануын қамтамасыз етуі керек. Бұдан басқа Денсаулық сақтау және Цифрландыру министрліктері бірыңғай медициналық ақпараттық жүйенің құрылуын қамтамасыз етуге тиіс, – деп қорытындылады сөзін Үкімет басшысы.
Денсаулық сақтау және білім беру саласына жеке инвестициялар тарту қажеттілігі қосымша атап етілді. Ұлттық экономика министрлігі Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту, Жоғары білім министрліктерімен бірлесіп, жыл соңына дейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін пайдалану жөніндегі қағидалардың жобасын әзірлеу міндеті қойылды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді