19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Бұрынғы «Арселор МитталТеміртау» компниясының заңгерін аяусыз өлтіргендерге қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Заңгердің денесі өртенген пәтерінен табылған еді. Тергеу жұмыстары нәтижесінде күдікке көршісі ерлі-зайыптылар ілінген. Оларға қатысты сот отырысы басталды.
Полицейлердің мәліметінше, көршісі марқұмнан қарызға ақша сұраған. Жолдасының Эмге бас сұққанынан күдіктенген Ольга марқұмға бірінші болып пышақ сұққан. Одан кейін күйеуі аяусыз сегіз рет пышақпен жаралайды. Қылмысты жасыру мақсатында пәтерге күдіктілер өрт қойып, шығып кеткен. Белгілі болғандай, олар бұған дейін бөтелкелес болған екен.
Одан бөлек пәтерден 400 мың теңгеге жуық қаражат та жоғалған. Кінәні мойындамаған ерлі-зайыптылар 20 жылға сотталуы мүмкін.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары