20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖапонияның танымал дзюдошысы Ута Абэ әлемнің бес дүркін чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Венгрия астанасы Будапеште дзюдодан өтіп жатқан әлем біріншілігінде жапониялық Ута әйелдер арасында 52 келідегі бәсекенің финалында косоволық Дистрия Красникиді айқын жеңді. Осылайша ол өз мансабында әлем біріншілігінің 5-ші мәрте үздігі атанып отыр.
Күншығыс елінің спортшысы бүгінгі іріктеу барысында Кипр өкілі София Асвестаны, Токио және Париж Олимпиадаларының жүлдегері, француз Амандин Бушарды, ширек финалда канадалық Кэлли Дегучиді қапы қалдырды. Ал жартылай финалда неміс спортшысын жеңіп, финалға шықты.
Ута Абэ финалда күрескен Косово дзюдошы Дистрия Красники Токио Олимпиадасының чемпионы (48 келі). Сондай-ақ, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері (52 келі). Жапон балуаны Токио Олимпиадасында чемпион атанған. Сонымен бірге ол Париж Олимпиадасының екінші айналымында өзбекстандық Диера Келдиоравадан жеңілген болатын. Парижден кейін Баку Гранд слэмінде чемпион атанып, араға 4 ай салып әлем біріншілігінің жеңімпазы атанып отыр.
Ута Абэнің туған ағасы Хифуми Абэ әлем чемпионатында сенсациялық жеңіліске ұшырады. Ширек финалға жеткен Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Хифуми тәжікстандық Обид Джебовтен иппонмен жеңіліп қалды. Жұбаныш белдесуінде қазақстандық Ғұсман Қырғызбаевтан басым түскен ол қола жүлде үшін күресте кубалық Орландо Полансоны қапыда қалдырды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?