Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстан үстел теннисі федерациясы спортшы Кирилл Герасименкоға екі бөлмелі пәтер сыйлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Федерация спортшыны Олимпиада ойындарында жарқын әрі сәтті өнер көрсеткені үшін марапаттағанын хабарлады.
Бұл біздің спорт үшін тарихи оқиға. Турнир бойы Кирилл ерік-жігерін, нағыз кәсіби шеберлігін көрсетті. Ол қазақстандық үстел теннисі шеберлерінің әлемнің ең мықты спортшыларымен лайықты бәсекеге түсе алатынын көрсетті. Оның нәтижесі Қазақстан үстел теннисі тарихында жаңа тарауды ашады. Біз оның жетістіктерін мақтан тұтамыз және оның еңбегін бағалап, марапаттауды ұйғардық, - деді Қазақстан үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Әбілғазин.
Айта кетейік, Кирилл Герасименко 1/8 финалда Мысыр өкілі Омар Ассардан ұтылған еді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді