Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
Олимпиада ойындары өздеріңіз білетіндей, кешенді ерекше жарыс. Сондықтан біздің спортшыларымыз өз жарыстарын бастады. Соның ішінде атап өтетін болса, шорт-тректен бұрынғы көрсеткен көрсеткішімізді қайталадық. Бұрынғы нәтижеде ұлдар 5-орынға ие болған еді. Әлі де алда жарыстар бар. Спортшылар орналасқан қалашықтарда барлық жағдай жасалған. Айтарлықтай проблема жоқ, - деп атап өтті Ұлттық олимпиада комитетінің спорт дирекциясының басшысы.
Сондай-ақ ол күнде штаб отырысы өткізіліп, спортшыларға қолдан келген көмек көрсетіліп жатқанын алға тартты.
Біз егемендік алғалы Қысқы Олимпиададан 8-ақ медаль алғанбыз. Оның 4-ін атақшы шаңғышымыз Владимир Смирнов алып келді. Сондықтан медаль алу оңай шаруа емес. Мысалы, фристайл-могулда басқа елдің ішінде 4 қызымыз жолдама алды. Ол да бір жетістік деп білемін, - деді Елсияр Қанағатов.
Еске сала кетейік, 4 ақпан күні аспанасты елінде Ақ Олимпиаданың алауы тұтанған болатын.
baq.kz
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек